Меню

Страницы

Статья

Бұрынғы «Халық үйі»

Ескерткіш датасы –  XIX ғасырдың соңы, 1896 – 1909 жж.

Орналасқан жері: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 60

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші.

Авторы белгісіз.

1896 жылға дейін оралдық шарап сатушы, «А.Ф.Поклевский-Козелл мұрагерлері» Сауда үйінің» өкілі В.А.Поклевский-Козеллге тиесілі болған. 

Мемлекеттік шарап монополиясы енгізілуіне байланысты ол үйді қалаға сатқан, содан бері бұл қоғамдық ғимарат (Халық үйі) болып саналады. Халық үйі қала тұрғандарының өмір салтына айтарлықтай үлес қосты. Мұнда жергілікті зиялы қауым күшімен спектакльдер, жалпы білім беру тақырыптарына лекциялық оқулар ұйымдастырылып отырған. Халық үйі жанында кітапхана жұмыс істеген, оған қарапайым жұмысшылар келетін болған.

1905-1907 жж. революция кезеңінде мұнда бұқаралық жиналыстар мен митингілер өткізілді, 1907 жылы ақпанда ІІ Мемлекеттік Думаға делегатарды сайлау жүргізілді.

1918 жылы Қостанай уезі Кеңесінің атқарушы комитеті орналасты. 1919 жылғы сәуірде ақ гвардияшылардан қаланы қорғап тұрған көтерілісшілердің штабы орналасты.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін ғимаратқа партия мектебінің жатақханасы, кітапхана орналастырылды. 1936 жылдан бастап - облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. 2008 жылдан бері мұнда Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы орналасты.

Дата публикации
28 октября 2020
Дата обновления
28 октября 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы