Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексіне (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген) сәйкес салық салу объектілерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалар мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеуге міндетті.
Салық кодексінің 603 және 604-баптарына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төленеді.
Осылайша, 2025 жыл үшін мүлік салығы 2026 жылғы 1 қазанға дейін қоса алғанда төленуге тиіс.
Салық органдары салықты есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей (яғни, 2026 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей) салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша дербес есептейді.
Салық әрбір объект бойынша жеке-жеке мынадай көрсеткіштер ескеріле отырып
есептеледі:
Объект меншікте 12 айдан аз болған жағдайда, салық нақты иелену айларының санына пропорционалды түрде есептеледі.
Салықты төлеу тәсілдері
Салықты:
Маңызды
Салықты төлеу мерзімін өткізіп алу Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерде өсімпұлдың есептелуіне, сондай-ақ берешек болған жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қолданылуына әкеп соғады.
Салық төлеушілерге жеке кабинеттен немесе электрондық үкімет сервистері арқылы есептелген сомаларды уақтылы тексеріп, белгіленген мерзім басталғанға дейін төлем жасау ұсынылады.