Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалар үшін өсімпұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық!

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы жаңа 57-5-баппен толықтыру.

         Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының тиісті Заңына 2020 жылғы 2 шілдеде қол қойды.

         Есептен шығарудың негізгі шарты – негізгі салық қарызының сомасын төлеу. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.

         Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

         Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды. 

         Жеке тұлғалар борыштың негізгі сомасын төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі Ереже Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №730 бұйрығымен бекітілген.

        Салықтық берешегінің бар-жоғы екендігі туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore,  PlayMarket) мобильді қосымшасы және екінші деңгейлік банктердің (Halyk Bank, Kaspi Bank) мобильдік қосымшылары арқылы тексеруге болады.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірстер басқармасы

Дата публикации
19 октября 2020
Дата обновления
19 октября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы