Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады

2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.

Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.

Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді.

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.        

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат (10:00 (Webex), 12:00 (Webex), 14:00 (Webex), 16:00 (Webex) онлайн форматта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m9de9897eeee7cffc9548148d3d2b8558)

 Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу (2513 772 0281) және event-кеңес паролін енгізу (1234) қажет.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! 

Дата публикации
23 июня 2026
Дата обновления
23 июня 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы