Қазақстан Республикасының тұрғындары салықтық рақымшылықты қолдана алады! Бұған жер, мүлік немесе көлік қарызы бар адамдар жатады.
-Заңда негізгі қарызды 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда 2020 жылдың 1 сәуіріне есептелген өсімпұлды есептен шығару туралы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қарастырылған. Салық кезеңі ішінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін мүлік, жер және көлік салығына қатысты.
Салық берешегін «Егов» электрондық үкімет порталында, «e-Salyq mobile» мобильдік қосымшасында, сондай-ақ салық төлеушінің кабинетінде тексеруге болады.
Өсімақылар, негізгі борыш сомасын өтеген кезде автоматты түрде есептен шығарылады. Белгілі болғандай, 2019 жылдың жер және мүлік бойынша салығы – төлем 2020 жылдың 1 қазанға дейін төленеді. 2020 жылдың көлік бойынша салығы - 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Құрметті Қостанайлықтар және облыс тұрғындары салықтық рақымшылықты пайдаланып үлгеріңіз!
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірстер басқармасы