Қазақстанда «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акция өтуде. Оның мақсаты көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және ел бюджетін толықтыру. Акцияның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өзіңіздің сатып алудағы фискалдық түбіртектерді қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы WIPON-ның жаңартылған нұсқасында телефон балансында 200-ден 5000-ға дейінгі соманы ұтып алудың орнына, сіз жалпы чек сомасының 1% -дан 20% -на дейінгі соманы ұтып ала аласыз.
Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі - 1 миллион теңге ұтысына қатыса алады.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы