01.01.2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бюджет түсімдерінің сыныптамасы, «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем» бюджеттік сыныптаманың коды (бұдан әрі – БСК) 105316-дан 401101 БСК -ге өзгертілді.
105316 БСК өзгерістерге сәйкес «Өсімдіктер әлемін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем» ретінде жіктеледі.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы