Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалар үшін өсімпұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасау!

Қостанай ​​ қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 шілдедегі Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы 57-5-баппен толықтырылды.

2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін салық кезеңдері үшін құрылған мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу шартымен жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасау көзделген.

Есептен шығаруға 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте тұрған өсімпұл сомасы, сондай-ақ төленген күнді қоса алғанда, оны төлеу күніне дейін осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы жатады. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады. Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Қатысқан азаматтарға салықтық рақымшылық жасау есептелген санкциялардан босатылуға мүмкіндік береді, бұл өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттырады.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірстер басқармасы

Дата публикации
28 сентября 2020
Дата обновления
28 сентября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы