2025 жылғы 15 желтоқсанда «Ашық НҚА» интернет-порталында «Қостанай қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №2218 қаулысының күші жойылды деп тану туралы қаулысының жобасы орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15723707).
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 22 қарашадағы № 138-VIII ҚРЗ Заңына; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттік қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 шілдедегі № 207-VIII ҚРЗ Заңына; «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес келтіру.Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 22 қарашадағы №160-ө және 2025 жылғы 20 тамыздағы №138-ө өкімдерін орындау үшін.
Қоғамдық талқылау 2025 жылдың 31 желтоқсанға дейін жалғасады.