Меню

Страницы

Статья

Бірыңғай жиынтық төлем

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында бірыңғай жиынтық төлем(БЖТ) енгізілді.

БЖТ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен бейресми жұмыспен қамтылғандар үшін қызметтің оңайлатылған тәттібін көздейді.

БЖТ төрт міндетті төлемді біріктіреді:

-10% - жеке табыс салығы;

-20 %  - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы;

-40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

Төлеушінің төлеуге жататын БЖТ мөлшері:

-Республикалық маңызы бар қалаларда, елордада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде  белгіленген;

-АЕК 0,5 еселенген  мөлшері – басқа елді мекендерде.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

БЖТ төлеушінің кіріс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

Мыналар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
24 сентября 2020
Дата обновления
24 сентября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы