Меню

Страницы

Статья

Баспасөз -релизі

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрініңміндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» бұйрығына2025 жылғы22 қарашадағы № 330-НҚ бұйрығына сәйкес, сыра және сыра сусындарын міндетті таңбалаудың мерзімдері бекітілді:

  • 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап– кегтерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау;
  • 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап – бөтелкедегі сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап– банкілердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау.

Осыған байланысты нарық қатысушыларын (өндірушілер мен импорттаушыларды) көрсетілген мерзімдерге алдын ала дайындалып,  қамтамасыз етуге, сондай-ақ міндетті кезеңге уақтылы көшу мақсатында таңбалау үдерістерін қолданыстағы бизнес-процестерге енгізуді бастауға шақырады.

Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге, сондай-ақ тіркеу, таңбалау кодтарын алу және техникалық қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасындағы тауарларды таңбалау бойынша Бірыңғай операторына 8 800 080 65 65 нөмірі арқылы жүгінуге болады (қоңырау тегін).

Сонымен қатар, нарық қатысушылары (сыра бойынша) үшін таңбалау және тауарларды қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) жұмыс істеу бойынша онлайн-оқыту өткізілетінін хабарлаймыз:

  • 10.12.2025 (сәрсенбі) 11:00 — өндірушілер https://clc.li/wpPHk;
  • 11.12.2025 (бейсенбі) 11:00 — импорттаушылар https://clc.li/aYEUA;
  • 11.12.2025 (бейсенбі) 16:00 — көтерме сатушылар https://clc.li/wghWS;
  • 12.12.2025 (жұма) 16:00 — бөлшек саудаhttps://clc.li/LVXhB.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
09 декабря 2025
Дата обновления
09 декабря 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы