Меню

Страницы

Статья

Салық төлеуші-заңды тұлғаларды тарату кезіндегі салықтық берешекті өтеу

Бірқатар БАҚ-та жарияланған материалдарда Қаржы министрінің «Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» №654 бұйрығы заңнамаға қайшы келеді және компания құрылтайшыларына жаңа міндеттер жүктейді деген пікір айтылды. Осыған байланысты МКК ресми түсініктемесін жариалауда.

 №654 бұйрық ешқандай жаңа талап енгізбейді. Бұл бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Салық кодексінің нормаларын іске асыру үшін қабылданған. Онда компаниялар жойылғанда немесе қызметін тоқтатқанда салықтық міндеттемелерді қалай орындауы керектігі айқындалған.

 Негізгі қағида бұрынғыдай қалады:

🔹 компанияның салықтық берешегі болса — ол Салық кодексінде көзделген тәртіппен өндіріледі;

🔹 компания мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда — құрылтайшылардың жауапкершілігі тек Қазақстан Республикасының заңдарымен тікелей белгіленген жағдайларда ғана туындайды.

 Бұл қағида бұрыннан бар — Салық кодексінде, Азаматтық кодексте және Банкроттық туралы заңда көрсетілген. №654 бұйрық осы нормаларды қайталайды және мемлекеттік кірістер органдарының өкілеттіктерін кеңейтпейді.

Құрылтайшы қашан жауапкершілікке тартылады.

Құрылтайшы субсидиарлық (бірлескен) жауапкершілікке тек ұйым банкрот деп танылғаннан кейін және нақты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда тартылады, мысалы:

— ұйымды әдейі банкроттыққа әкелу;

— мүлікті шығару немесе жасыру;

— таратылатын компанияның құжаттарын тапсырмау;

— мүлкі жеткіліксіз кезде сотқа банкроттық туралы өтініш бермеу.

 Неліктен түсінбеушілік пайда болды.

Кейбір жарияланымдар бұйрықтың бір тармағын құрылтайшылардың жауапкершілігін кеңейтеді деп түсіндірді. Алайда бұл тармақ Салық кодексінің 75-бабының нормаларын ғана қайталайды және қолданыстағы ережелерді өзгертпейді.

 Маңызды ақпарат

✔ №654 бұйрық заңды бұзбайды және құрылтайшыларға жаңа міндеттер жүктемейді.

✔ Ол мемлекеттік кірістер органдарына жаңа өкілеттік бермейді.

✔ Ол тек бұрыннан заңдарда бекітілген рәсімдерді жүйелейді және нақтылайды. 

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
03 декабря 2025
Дата обновления
03 декабря 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы