Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды,
«ИСНА» және «elicense.kz» ақпараттық жүйелерінде автоматты интеграция іске қосылды.
Енді лицензияланатын немесе хабарландыруға жататын қызмет түрін бастауы туралы хабарлама жіберген кезде,
жеке қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу автоматты түрде жүргізіледі,
«E-Otinish» порталы арқылы жүгінудің қажеті жоқ.
Тіркеу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
• хабарламаны https://www.elicense.kz порталында жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
• қосымша өтініштер мен салық органдарына бару талап етілмейді.
Салық төлеушілерден қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны тек https://www.elicense.kz порталы арқылы жіберуді сұраймыз.
Егер жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжай коды (РКА) болмаған жағдайда, келесі әрекеттерді орындау қажет:
• сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне жүгіну немесе
• «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беру: https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/passP2203_mps
Қосымша ақпарат алу үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшелеріне немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің call-орталығына хабарласуға болады.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы