Меню

Страницы

Статья

Шетелдік қаржыландыру мониторингі

Шетелдік қаржыландыру мониторингі Қазақстанда шетелден алынатын қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Мониторинг кәсіпкерлердің қаржы ағындарына, олардың шаруашылық қызметіне қатысты болмайды. Әңгіме кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ үкіметтік емес ұйымдарды мақсатты шетелдік қаржыландыру туралы ғана болып отыр.

Мониторинг заң көмегін көрсетуге және қоғамдық пікірді зерделеуге, сондай-ақ коммерциялық емес мақсаттарда жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған қаржы қаражатын қамтиды.

Адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, дипломатиялық өкілдіктер және басқа да бірқатар тұлғалар мониторингтің қолданылуына жатпайды.шетелден демеушілік жасайтын заңды және жеке тұлғалар мониторинг шеңберінде 10 күн ішінде мемлекеттік кіріс органдарын ақша алғаны туралы хабардар етуге және есептілікті тұрақты түрде ұсынуға міндетті. Бұл ретте барлық ақпарат мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылатын болады, онда шетелдік қаржыландыруды алатын жеке және заңды тұлғалар туралы электрондық деректер базасы қалыптастырылады. Деректер қоры үнемі толықтырылып, ашық түрде болады. Шетелдік қаржыландыру мониторингі құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу үшін түрлі ұйымдар мен адамдардың қызметін бақылау тәсілі болып табылады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
09 января 2020
Дата обновления
09 января 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы