2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейін жұмыс берушілер көрсетілген кезең ішінде қызметкерлердің сақтандыру мәртебесін сақтай отырып, өз қызметкерлері үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеу міндетінен босатылады.
Осыған байланысты, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі-Қор) Қордың ақпараттық жүйесінде ШОБ үшін функционал іске асырды. Шағын және орта бизнес субъектілері сақтандыру мәртебесін беру үшін қызметкерлердің мәртебесін Қордың ақпараттық жүйесіне жүктеуі керек. Сол жерден мәртебе медициналық ақпараттық жүйелерге беріледі, бұл осы қызметкерлерге МӘМС пакетінен медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
Жеке практикамен айналысатын адамдарға, микро, шағын орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілеріне өз қызметкерлерінің ЖСН жүктеу не есепті айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей түзетулер енгізу қажет.
Сонымен қатар, қызметкерлерде мәртебенің болмауын уақтылы түзету үшін Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы қызметкерлеріңіздің сақтандырылу мәртебесін тексеру қажет.