Меню

Страницы

Статья

Бюджетке төлемдері, кедендік төлемдері, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтыруды жүргізуге салықтық өтінішті «салық төлеушінің кабинеті» арқылы онлайн беруге болады

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінің 101 –бабына сәйкес салықтық (қосылған құн салығын қоспағанда)  артық төленген  (өндіріп алынған) сомасы, бюджетке төленетін төлемдер, өсімпұл  есепке жатқызу және (немесе) қайтаруды жүргізілген күнге салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің  өсімпұлдың осы түрі бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылған және қайтарылған) және есептелген, есепке жазылған (азайтылған салықты шегергенде) сомалар арасындағы оң айырма болып табылады.

Артық төлем немесе қате төленген соманы алдағы төлемдер есебіне қайтаруға немесе есептеуге болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің бірі «салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды немесе қайтаруды» қызметі болып табылады.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу және қайтару дербес шоттарды жүргізу орны бойынша, сондай-ақ бюджетке толемдерді төлеу орны бойынша жүргізіледі.

Салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасын қайтару немесе есепке алу үшін төлем жүргізілген мемлекеттік кірістер органдарына салықтық өтініш ұсыну қажет.

Қайтару кезінде банктік шотты көрсету қажет. Қайтару бюджетке берешек болмаған кезде жүргізіледі.

Мемлекеттік бажды қайтару кезінде салық өтінішіне қайтару үшін негіз болып табылатын үәкелетті органның құжаты қоса беріледі.

Салықтар мен төлемдер сомаларын есепке жатқызуға не қайтаруға арналған салықтық өтініш келіп  түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде және талап қою мерзімдері шегінде орындалады.

2020 жылғы  1 қантардан бастап қою мерзімі 3 жылды құрайды.

Салық, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді кедендік төлемдерді, проценттер мен айыппұлдардың өсімақысын есепке жатқызуды және (немесе) қайтыруды жүргізуге салықтық өтінішті «салық төлеушінің кабинеті» арқылы электрондық  түрде беруге болады.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
18 сентября 2020
Дата обновления
18 сентября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы