Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз!!! Өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық

2019 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, жеке тұлғалар үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері үшін құралған мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша негізгі қарызды сомаларын төлеу шарты кезінде өсімпұлдарды есептен шығаруға салықтық рақымшылық жасау көзделген.

Салық төлеушінің 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жеке шотында есептелген өсімпұл сомасы, сондай-ақ оны төлеген күнді қоса алғанда, оны төлеуге дейінгі осындай берешек сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады. Бұл ретте өсімпұл берешек төленген салық түріне сәйкес есептен шығарылады. Салық рақымшылығын жүргізудің мерзімі - 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Қарыз сомасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында: kgd.gov.kz немесе электрондық үкімет порталында табылуы мүмкін: e-gov.kz

Салық рақымшылығын қатысқан азаматтарға есептелген санкциялардан босатылуына мүмкіндік береді, бұл өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттырады.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірстер басқармасы

 

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2020
Дата обновления
17 сентября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы