Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының салық төлеушілеріне бақылау – касса машинасын қолдану жөніндегі мәліметтер

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, хабарлайды:

ҚР Салық кодексінің 166 – бабының 1- тармағы, сәкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысу бақылау – касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.

Өз кезегінде, ҚР Салық кодексінің 166 – бабының 6- тармағы, бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

      5) чектің реттік нөмірін;

      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету     жасалған күн мен уақытты;

      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

      8) фискалдық белгіні;

      9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

      10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

      11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің  санын, олардың өлшем бірлігін;

      12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

      13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

      14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;

      15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

        Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

                   Бұл ретте таурлардың /жұмыстардың/ көртсетілетін қызметтердің бырыңғай номенклатурасы мен өлшеу классификаторы белгіленбегенін ескере отырып фармацефтикалық таурларды өткізетіндерді қоспағанда, салық төлеулшлірдің тауарлардың жеке номенклатурасын және олардың өлшем бірліктерін пайдалануға, сондай – ақ дербес немесе БКМ техникалық қызмет көрсету орталығы арқылы арқылы жоғарыда көрстеілген талаптарды БКМ-ға енгізу мүмкіндігі бар. Фармацефтикалық тауарларды өткізетін тұлғаларға бекітілген заттардың атауын пайдалану қажет.

                   Салық кодексінінң талаптарына сәйкес онлайн –БКМ баспа чектерін жүргізу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.   

Бақылау – касса машиналарын қолдану тәртібінінң бұзғаны үшін ҚРӘқҚ-нің  284 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Дата публикации
17 сентября 2020
Дата обновления
17 сентября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы