Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық хабарлама

Арқалық қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша қайта конкурс  өткізеді. Қайта конкурс Костанай облысы Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 8 қабат, мәжіліс залы. мекенжайы бойынша 2025 жылы 30 маусымда сағ. 15-00-де өтеді.

Қайта конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 27 маусымға дейін өтінімдерді қабылдау басталған күннен он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (қабылдау уақыты 9-00-ден 18-30-ға дейін, сағ. 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен) «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 5 қабат, 524 каб. анықтама үшін байланыс телефоны (8-71430) 7-23-52.

Қайта конкурсқа қатысуға өтінім 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпарат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қағаз жеткізгіште, қолма-қол, не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. Қайта конкурсқа қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурстық ұсыныстар, өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап аяқталғанға дейін он  жұмыс күні ішінде, ұйымдастырушыға қолма-қол тапсырылады.

Қосымша ақпаратты  «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, 5 қаб., 524 каб., анықтама үшін байланыс телефоны (8-71430) 7-23-52 мекенжайы бойынша алуға болады.

Қайта конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі

Лот  №

Жер телімінің қысқаша сипаттамасы

Ауданы

(га)

 

Жалға беру мерзімі

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Сумен қамтамасыз етілуі

Жер телімінің орналасқан жері, шаруашылық орталығына дейінгі ара қашықтығы

Алқап түрі, өріс №

Бонитет

балы

1

Жайылым, № н/ж алқап, мал шаруашылығы

9

3000 (оның ішінде жайылымдары 2996 га, жолдары 2 га, өзгелері 2 га)

48

қызыл қоңыр

суландырылмаған

 

Екідің ауылы

2

Жайылым, № н/ж алқап, мал шаруашылығы

12

500 (оның ішінде жайылымдары 499 га, жолдары  1 га)

48

қызыл қоңыр

суландырылмаған

 

Көктау ауылы

Дата публикации
18 июня 2025
Дата обновления
18 июня 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы