Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.
Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.
Сонымен қатар, жеке тұлға басқа мүлікті: яғни, мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, биологиялық активтер түрінде де көрсетуге құқұлы.
Декларацияны электронды түрде ұсынуға мүдделік мақсатында 2 ұсыну мерзімі көзделген:
-15 шілдеге дейін декларацияны қағаз тасығышта тапсыратындар үшін, сондай – ақ,
-15 қыркүйекке дейін декларацияны электронды түрде тапсыратындар үшін.
Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қантардан бастап көзделгенін ескере отырып, қазіргі уақытта елдің әрбір тұрғыны оқыту мақсатында 250.00 ф.декларацияны тестілік режиминде толтыра алады, бұл қызмет Egov. -та тестілік болып табылады және тек қана дайындық – ақпараттық мақсаттарға ие.
2021 жылғы 1 қаңтарға дейін осы сервисте декларацияны ұсыну міндетті болып табылмайды, осыған байланысты пайдаланушыда оны ұсыну нәтижелері бойынша жауапкершілік туындамайды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы