"Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал" акциясы 12 мамыр мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Оның қатысушысы болу үшін, "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізе бастаңыз. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Чекті жібергеннен кейін қатысушы чектің жалпы сомасынан 1% - дан 20% ға дейінгі сомада ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражатты ұтып
алуға, сондай – ақ жыл соңында Бас жүлде – 1 000 000 теңге ұтыс ойынына
қатысуға мүмкіндігі бар.
Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
Демек, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігіне болады ие! Барлығына сәттілік тілейміз.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы