2019 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке тұлғалар үшін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салық кезеңдері үшін 2020 жылдың 1 қантарына дейін құрылған салықтық рақымшылық жүргізіледі.
Есептен шығаруға 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелетін өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, оны төлеу күніне дейін осындай бересісомасына есептелген өсімпұл сомасыжатады.
Бұл ретте өсімпұл берешек төленген салық түріне байланысты есептен шығарылады.
Салықтық рақымшылық жасау мерзімі – 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Жалғыз шарты, соңғы жылдардағы салық бойынша негізгі қарыз сомасын төлеу керек.
Қарыз сомасы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында: kgd.gov.kz немесе электрондық үкімет порталында табылуы мүмкін: e-gov.kz
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы