Жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы іске асуда.
WIPON мобильді қосымшасын жаңартыңыз!
WIPON жаңартылған нұсқасында телефон теңгеріміне 200 теңгеден 5000 теңгеге дейін ұтыстың орнына, енді чектің жалпы сомасынан 1% - дан 20% - ға дейінгі сомасын ұтып алуға болады.
Чек сомасы неғұрлым көп болса, телефонның теңгеріміне ұтыс сомасы соғұрлым көп болады.
Барлық чектер ағымдағы жылдың желтоқсан айында 1 млн. теңге ұтыс ойынына қатысады.
Жаңа ережелерге сәйкес чекті жіберу үшін WIPON қосымшасын жаңарту қажет.
Ұтысқа ие болыңыздар!
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы