Меню

Страницы

Статья

«АУКЦИОН» Қостанай қаласының әкімдігі

Жер учаскесіне 6 жыл мерзімге жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді, саны – 1 лот

 

Аукцион 2020 жылғы 18 қыркүйекте сағат 15-30-да Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, қалалық әкімдіктің ғимараты, кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.

Аукционды өткізу әдісі – ағылшын, бағаны ұлғайту қадамы – жер учаскесін жалдау құқығының бастапқы (ағымдағы) бағасынан 5%. Аукцион жеңімпазына сондай-ақ Қостанай қаласы әкімдігінің жерге орналастыру құжаттамасын дайындағаны және БАҚ-та жариялағаны үшін 46671 теңге мөлшеріндегі соманы төлеу міндеті жүктеледі.

 

лоттың  №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алудың бастапқы бағасы (теңге)

Кепілдік жарнаның мөлшері (теңге)

  Жалдау ақысының сомасы

(теңге)

Құқық түрі

 

1

Береке шағын ауданы

Блокты модульдік қазандық салу үшін

0,0740

1 305 434

138 900

 

5 800

жалдау құқығы 6 жыл мерзімге

 

          Кепілдік жарна депозиттік шотқа енгізіледі:

ЖСК KZ070705034630502006, БСК KKMFKZ2A, БСН 050140006635, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ, алушы – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Коды 12.

Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртіппен жүргізеді:

1) аванстық төлем аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем шотына есептеледі;

2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жыл сайынғы жалдау ақысы жер салығының базалық ставкаларына қолданылатын түзетуді ескере отырып, есептелетін жер салығының 100% мөлшерінде белгіленеді.

Жер учаскелерін жалдау құқығын сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес міндетті пайдалану, санитарлық, өртке қарсы, ветеринарлық, экологиялық талаптарды, қауіпсіздік ережелерін, сауда туралы заңнаманы, заңнамада белгіленген басқа да нормалар мен ережелерді сақтау.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап 2020 жылғы 17 қыркүйекке дейін Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайы бойынша сағат 15-30-ға дейін қабылданады.

Аукционға қатысушының билетін аукциондық нөмірге ауыстыру сағат 14-30-дан 15-30-ға дейін Қостанай қаласы, Пушкин көшесі 98, кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін:

1) аукционға қатысуға өтінім;

2) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат қажет;

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылады.

Анықтама телефоны: 54-47-48

Дата публикации
02 сентября 2020
Дата обновления
02 сентября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы