Меню

Страницы

Статья

Темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау қағидалары

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 ж. 1 қазанынан бастап Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау енгізілгенін хабарлайды.

Таңбалаудың негізгі мақсаты - тұтынушыларды жалған және контрафактілік өнімдерден қорғауға, сондай-ақ ашық нарық қалыптастыруға бағытталған.

Темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін айқындау, оларды Қазақстан Республикасының аумағында қадағалау, сондай-ақ әкелу туралы қабылдау актілерін ресімдеу тәртібін белгілеу мақсатында «Темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау қағидалары» әзірленді. Аталған ереже ҚР Қаржы Министріінің 2020 ж 28 қыркүйектегі № 927  бұйрығымен бекітілген.

- Ереженің 46-тармағына сәйкес, темекі өнімдерін сату кезінде айналымға қатысушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаьылдау/беру актісін қалыптастырады, оны өзінің ЭЦҚ-мен қол қояды және тауарларды таңбалау мен қадағалау ақпараттық жүйесіне тіркеу нөмірін темекі бұйымдарын сату күнінен кешіктірмей енгізеді.  

- Өз кезегінде, Ереженің 48-тармағына сәйкес, темекі өнімдерін қабылдауды жүзеге асыратын айналымға қатысушы қабылдау\беру актісін 5 жұмыс күн ішінде ЭЦҚ-мен қол қойып, ақпараттық дүйеге енгізуі тиіс. 

- Бұдан әрі, бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын айналымға қатысушылар темекі бұйымдарын сату қажеттілігі туындаған күннен бастап АЖ олардың тіркеуін жүргізуі қажет.

- Сонымен қатар, Ереженің 55-тармағына сәйкес, темекі бұйымдарын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналымға қатысушы оларды АЖ қабылдау туралы мәліметтер расталған жағдайда ғана айналымнан шығара алады.

АЖ-де жүйесі жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар markirovka.ismet.kz сайтында орналасқан.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
10 апреля 2025
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы