
Хачин Григорий Андреевич
1915–1978
Совет Одағының Батыры
Хачин Григорий Андреевич 1915 жылғы 15 наурызда Башқұрт АССР-і, Зилаир ауданы, Кананикөл ауылында туған. 1939-1940жылдарда кеңес-фин соғысына қатысты. 1942 жылдан бастап жеке жойғыш-танкке қарсы дивизионда қызмет етті.
Харьков, Кривой Рог, Николаев, Тирасполь, Молдавия, Румыния, Болгарияны азат ету ұрыстарына қатысты.
149-шы жеке атқыштар бригадасының жеке жойғыш-танкке қарсы дивизионының зеңбірекшісі аға сержант Хачин Сталинград үшін шайқаста ерекше көзге түсті.Ұрыс даласына жаудың 50 танкісі шықты, қиян-кескі атыс басталды.Осы ұрыста аға сержант Хачин45 мм зеңбіректенжаудың төрт жауынгерлік машинасын жойып, ерлік көрсетті.Қарсы атылған жау оғынан қаруы істен шықты.Расчеті қаза тапты, өзі жараланды. Жараланғанына қарамастан, Егор Хачин қорғаныс учаскесін тастамады, қайта жауынгерлерді жинап, қорғаныс ұйымдастырды. Шайқас күні бойы жалғасты, тек түнде командирлері Григорий Андреевичтіңбұйрығымен біздіңжауынгерлер учаскелерін тастап, қоршаудан шықты.
Бұл ұрыс үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 ақпандағы Жарлығымен командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны және неміс-фашистік басқыншылармен шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін аға сержант Хачин Георгий Андреевичке Ленин ордені мен«Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылы әскер қатарынан босатылды, Башқұртстанда орман шаруашылығымен айналысты. 1971 жылы Жітіқара қаласына көшті. 1978 жылғы 2 мамырда қайтыс болды. Жітіқара қаласында жерленді.