
Нелюбов Василий Григорьевич
1914–1945
Кеңес Одағының Батыры
Нелюбов Василий Григорьевич Қостанай облысы Семиозер ауданы Новонежин ауылында 1914 жылғы 9 мамырда туған. 1941 жылғы шілдеден әскер қатарында. 1944 жылы Камышнин танк училищесін аяқтайды.
1945 жылдың наурызына қарай кіші лейтенант Василий Нелюбов 1-ші Украина майданының 31-ші танк корпусының 2-ші танк батальонының танкісін басқарды.Польшаны азат ету кезінде асқан ерлік көрсетті.1945 жылы16 наурызда Рацибужа қаласының солтүстігінде неміс қорғанысын бұзу кезінде Нелюбовтың экипажы Аутишкау ауылына алғашқылардың бірі болып кіріп, жаудың 2 танкке қарсы және 2 шабуыл қаруын жойды.1945 жылы 18 наурызда Глубчице қаласының түбінде Нелюбовтың танкі жау снаряды тиіп,өртене бастады, шабуыл тоқтамады. Неміс басқыншылары тағы 8 ауыр«Тигр» танктеріншығарды, жанып жатқан танк ішіндегі Нелюбовтың экипажы жаудың бас танкін,өз өмірлерін қия отырып,соғып қиратты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен кіші лейтенант Василий Нелюбовқа, қаза тапқаннан кейін,Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді.Шенбрунн поселкісінде жерленді.