Меню

Страницы

Статья

Чигадаев Петр Васильевич

Чигадаев Павел Васильевич

1923–1982

Кеңес  Одағының Батыры

 

Чигадаев Петр Васильевич 1923 жылғы 21 мамырда Қостанай облысы Қарабалық ауданының Боскөл стансасында туды. 2-ші Украина майданының 6-шы өздігінен жүретін артиллериялық бригадасының артиллериялық қондырғылар командирі, кіші сержант -Калинин және Украин майдандарында соғысып, Молдова, Румыния, Венгрия, Австрияны азат етуге қатысты.

Румынияны азат ету кезінде ерлігімен көзге түсті.1944 жылы 20 тамызда Яссы қаласының солтүстік-батысында болған ұрыс кезінде жаудың үздіксіз атылған артиллериялық оғының астында, Бахлуй өзенінен бірінші болып өтіп,дұшпанныңбүтіндей бір батареясын, алты станокты және қол пулеметін жоя отырып Холле станциясын басып алды.

1944 жылғы 27 тамызда Текуч қаласы үшін ұрыс кезінде Чигадаевтың экипажы Сирет өзені арқылы өтетін көпірді жаруға беттеген жау әскерін жойып,  көпірді басып алды.

КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Ясско-Кишинев операциясында ерлік пен батырлық көрсеткені үшін Петр Чигадаевқа Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылып,Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 6-шы гвардиялық танк армиясы Қиыр Шығысқа ауыстырылды.Мұнда Петр Чигадаев Забайкалье майданында жапон Квантун армиясын жеңу үшін Хинкано-Мукден шабуыл операциясына қатысты.

1947 жылы Петр Васильевич Чигадаев запасқа шықты. Бөскөлге қайтып келді, Меңдіқара ауданында жұмыс істеді. 1982 жылғы 26 ақпанда қайтыс болды.

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы