
Кравцов Григорий Михайлович
1922–1945
Кеңес Одағының Батыры
Кравцов Григорий Михайлович 1922 жылғы 14 наурызда Федоров ауданының Старожиловка ауылында дүниеге келген. Омск авиация мектебін бітірді.1943 жылдың маусымында Приволжск әскери округіндегі «Смерш» қарсы барлау бөліміне жедел уәкілеттілауазымына жіберіледі.Ұлы Отан соғысы шайқастарына 1943 жылы шілде айынан бастап қатысады.1-ші Беларусь майданында шайқасты.
1945 жылғы 14 қаңтарда Коханув (Польша)елді мекеніжаңындағы шайқастарда қатардан шығып қалған 1-ші Беларусь майданы, 69-шы армия 374-ші жеке әскери айып ротасының командирін ауыстырады.Жау қорғанысын бұзып өтуде бөлімшені шебер басқара отырыпжаудың барлық шабуылдарына тойтарыс береді.Жараланады. Жарақатына қарамастан ротаны алға бастауын жалғастырды. Командирлерінің ержүректілігін көрген рота жауынгерлері батылдық танытып, әскери тапсырманы жоғары деңгейде орындайды.Осы шайқаста Г. Кравцов қаза табады.
Кравцов Григорий Михайловичке көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін қаза тапқаннан кейін,1945 жылы 6 сәуірде,Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.