Меню

Страницы

Статья

Родионов Петр Зиновьевич

Родионов Петр Зиновьевич

1923–1978

Кеңес Одағының Батыры

 

Родионов Петр Зиновьевич 1923 жылы Татар АССР-нің Кадышево аулында туған.

1942 жылдан майданда. 254-ші миномет полкінің батарея барлаушысы Орталық, Батыс, Ленинград, 2-ші Украин майдандарында шайқасты.Үш рет жараланды, оның ішінде бір рет ауыр жараланды.Венгриядағы Тиса өзеніненөту кезінде Дебреценск шабуыл операциясында ерлігімен көзге түсті.1944 жылы 9 қазанға қараған түні Эллеш (Венгрия) селосы маңында Тиса өзенінен алғашқылардың бірі болып өтіп, гранатамен жаудың станокты пулеметінің үнін өшіреді.

Жаудың атыс нүктелерін белгілеп, координаттарын батареяға хабарлайды, ату бағытына өзгертулер енгізеді, сөйтіп, атқыштар бөлімшелерінің өзеннен жылдам, шығынсыз өтуін қамтамасыз етті.Өзенді кесіп өткен батарея жау қоршауына түсіп қалады.П. Родионов атыс позициясын қорғай отырып, жаумен  қоян-қолтық ұрысқа түседі.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы ЖарлығыменТиса өзеніненөту кезінде және басып алынған плацдармда көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Петр ЗиновьевичкеЛенин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі  қоса тапсырылып,Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Торғай облысы Амантоғай ауданының Тасты ауылында тұрды және орта мектепте мүғалім болып жұмыс істеді.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы