
Вычужанин Николай Алексеевич
1919–1964
Кеңес Одағының Батыры
Николай Алексеевич Вычужанин 1919 жылғы 23 ақпанда Нижегород облысының Ашкельдино ауылында дүниеге келді. Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылды,1942 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы майдандарында. Сталинград шайқасына,Десна және Сожа өзендерінен өту операциясына қатысты.
Беларусь майданының 65-армиясына қарасты 37-гвардияның атқыштар дивизиясы 118-гвардиялық атқыштарполкінің пулемет взводының командирі гвардия кіші лейтенант Николай Вычужанин 1943 жылғы 21 қазанда өзінің взводымен Гомель облысының Стародубка ауылының аумағында Днепр өзенінен жүзіп өтеді.Взводтың алдына полктің өзеннен шығынсыз өтуі үшін пулемет оғымен қорғап тұру міндеті қойылады.Плацдармдағы шайқастарда Вычужанин жаудың қарсы шабуылдарын тойтаруға қатысты.Дұшпанның екі қол пулеметін қолға түсіріп, олжалы қарудан жаудың танкіге қарсы зеңбірегі мен миномет расчетін жойды. Плацдармдағы шайқастарда Вычужанин басқарған взвод 400-ге тарта фашистің көзін жойды.Жаудың бірнеше қарсы шабуылдарына тойтарыс жасады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен неміс-фашистік басқыншылармен күрес майданындағы қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және сонымен бірге гвардияның батылдығы мен ерлігі үшін кіші лейтенант Николай Вычужанинге Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медаліқоса тапсырылып,Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін әскерден босатылды, Қостанай облысы Қамысты ауданының Адаев ауылында тұрды және жұмыс істеді.1964 жылғы 26 маусымда қайтыс болды.