
Беляндра Василий Яковлевич
1914–1967
Кеңес Одағының Батыры
Василий ЯковлевичБеляндра, 1914 жылы Қостанай облысы, Денисов ауданы, Досовка ауылында дүниеге келді.1941 жылдың тамызынан Қызыл Армия қатарында, бір айдан кейін майданға араласты.Кіші лейтенанттар курсын бітірген.
Киев операциясыныңДнепр өзенінен өту кезінде Гвардия кіші лейтенант Беляндра ерекше ерлік көрсетті.1943 жылғы 23 қыркүйекте Беляндраның атқыштар взводы Трактомиров ауылын иеленіп, жеті рет қарсы шабуылға тойтарыс беріп, жауды шегінуге мәжбүр етті, майдан даласындажаудың 200-ге жуық сарбазы мен офицері, үш қаруы, екі «Тигр» танкі жойылды.Взводкомандирігвардиякіші лейтенант Беляндра Сталинград түбінде Паулюс армиясын талқандауға қатысты.Жараланды.
Жоғары Кеңес Президиумының 1943 жылы 17 қарашадағы ЖарлығыменДнепрөзенінен өтукезіндешабуылдаушышайқаста көрсеткен батылдығы,жоғарыәскеришеберлігі үшін КеңесОдағыныңБатырыатағы берілді.1945 жылы Василий Яковлевич Беляндра Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысты.
Екі Қызыл жұлдыз орденімен,Ленин орденімен, Қызыл Ту орденімен, Александр Невский, Отан соғысының 1 дәрежелі ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды.
Соғыстан кейін Қырғыз КСР-ның Кемин ауданының Киров атындағы колхозында тұрып, еңбек етті. 1967 жылғы 22 сәуірде қайтыс болды.