Меню

Страницы

Статья

Беда Леонид Игнатьевич

Беда Леонид Игнатьевич

1920–1976

Кеңес Одағының Екі Мәрте Батыры

               

Беда Леонид Игнатьевич 1920 жылғы 16 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Новопокровка ауылында өмірге келді.1940 жылы Кеңес әскері қатарына және Чкалов (Оренбург) әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне шақырылды.1942 жылы майданға жіберілді.

Соғыс кезінде Леонид Беда ұшқыш, аға ұшқыш, командирдің орынбасары және эскадрилья командирі, полк командирінің көмекшісі шеніне дейін өсті.Ол Украинаны, Қырымды, Беларусьты және Литваны азат етуге, сондай-ақ Шығыс Пруссия мен Польшадағышабуыл операцияларына және Сталинград шайқасына қатысты.

Соғыс жылдарында Леонид Беда барлығы 244 жауынгерлік ұшу жасады, жеке және топ құрамындағы шайқаста жаудың төрт ұшағын, 24 танк пен 48 автокөлігін,зениттік артиллерияның 67 нүктесін,27 артиллериялық және миномет батареяларын, 1 паром, 46 вагон және де көптеген жау солдаттарын жойды.

Өзінің бірінші батырлық жұлдызына Севостополь шайқасындағы ерлігі үшін 1944 жылғы 26 қазанда ие болады. З-Беларусь майданы құрамында шайқаса жүріп, 105 жауынгерлік ұшу жасап, 1945 жылғы 26 маусымда гвардия майоры Л.И. Беда «Алтын Жұлдыз» медалімен екінші рет наградтталды. Оған екі рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, көптеген Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталды.

Соғыс аяқталғаннан кейін ол Кеңес Армиясында қызметін жалғастырды.КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы, генерал – лейтенант Леонид Беданың соңғы лауазымы-Қызыл Ту Беларусь әскери округінің әуе күштерінің қолбасшысы.1976 жылғы 26 желтоқсанда жол апатынан қайтыс болды.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы