Меню

Страницы

Статья

Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы

Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы

1920–1943

Кеңес Одағының Батыры

 

Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы 1920 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданының Қоянды-Ағаш ауылында туған. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап, Ленинград майданында болды. 67-армия, 43-атқыштар дивизиясы, 147-атқыштар полкінің пулемет бөлімшесінің командирі, аға сержант  Баймағамбетов 22 шілдеде Синявино кенті аумағында (Ленинград облысының Киров ауданы) қарсыластың траншеяларындағы онға тарта гитлершінің көзін жойды.

1943 жылғы 23 шілдеде Ленинград майданының Синявино-Мгинск учаскесінде 23 жастағы Сұлтан Баймағамбетов бөлімшесімен бірге Синявинск биіктігіне қарай бет алды: сол жерден жау дзоты табылды.Бөлім шабуылдап, бораған оқты тоқтатуға үш рет әрекет жасады.Бірақ дұшпан оғының үні өшпеді.Сұлтан шешім қабылдады: «Шабуылға!» - деп алға ұмтылып, кеудесімен жау пулеметінің амбразурасын жапты. Ержүрек жауынгер ерлігі кеңес жауынгерлерінің дұшпанның ірі әскер тобын жеңуіне және маңызды стратегиялық шептерді алуына мүмкіндік берді.

Ерекше ерлігіүшін Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылғы 21 ақпанда (қайтыс болғаннан кейін) берілді.

Сұлтан Баймағамбетов Ленинград облысының Синявино ауылындағы «Синявинские высоты» әскери мемориалында бауырластарзиратында жерленді.

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы