Меню

Страницы

Статья

Полехов Филип Романович

Полехов Филип Романович

1910-1980

Даңқ орденінің толық иегері

 

Полехов Филип Романович 1910 жылғы 20 ақпандаҚостанай облысы,Боровской ауданы, Сосна ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Ақмолада жасақталып жатқан 310-атқыштар дивизиясына жіберілді. Әскери істі үйренген соң,  Ленинградты қорғауға жіберіледі.

1941 жылғы тамыздан бастап әскери іс-қимылға қатысты.  310-атқыштар дивизиясының 860-шы артиллериялық полкінің зеңбірекшісі. Ленинград, Волхов, Кареля, 3-Прибалтика және 2-Беларусь майдандарында соғысты.

1944 жылғы 6 ақпанда Вельяшева Гора елді мекені маңындағы ұрыста ефрейтор Полехов расчет құрамында жаудың минометі мен пулеметі ұясының тас-талқанын шығарды,  10-нан астам жау солдатын жойды.

1944 жылғы 18 наурыздағы бұйрықпен ефрейтор Полехов Филипп Романович 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылы 27 ақпанда Айкфир поляк елді мекені маңында жау дивизионға қарсы өзінің он танкісімен ротасын қарсы қойды. Зеңбіректе нысанашы болып отырған сержантПолехов, шабуылға тойтарыс бере отырып, жаудың бір танкін, қол пулеметін және онға тарта солдатын жайратып салды.

1945 жылғы 31 наурыздағы 19-Армия әскерлерінің бұйрығымен сержант Полехов Филипп Романович 2-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылғы наурызда Гдыня қаласы түбіндегі ұрыстарда сержант Полехов жараланған командирін ауыстырып, расчеттіөзі басқарды.Тура нысанаға ала отырып, зеңбірекшілер жау бөлімшесін жойды, 5 атыс ұясын талқандады. Осылайша, атыс бөлімшелерінің алға жылжуын қамтамасыз етті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен неміс басқыншыларымен шайқаста командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін сержант Полехов Филипп Романович 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғыстан кейін Филип Романович Челябі облысының Троицк қаласында тұрып, еңбек етті.1980 жылы 16 сәуірде қайтыс болды.

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы