Меню

Страницы

Статья

Певень Алексей Ильич

Певень Алексей Ильич

1919-1969

Даңқ орденінің толық иегері

 

Певень Алексей Ильич  1919 жылғы 18 ақпанда Новосибирск облысы, Чистоозерск ауданының Бугримовка деревнясындатуған. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды.

Алексей Певень 1941 жылдан соғыс іс-қимылдарына қатысты. Артиллериялық батареяның аспаптық бөлімшесінің командирі. Калинин, Батыс, 2-Белорусс майдандарында 238-атқыштар дивизиясының 837-атқыштар полкі құрамында соғысты.

1944 жылы мамырда аға сержант Алексей Певень Могилев операциясы кезінде артиллерия командирі ретінде батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті. 26 маусымда Темровичи деревнясы үшін болған ұрыста Алексей Певеннің зеңбірегі жаудың 2 пулеметін жойып,  20-ға жуық солдатынжер жастандырды, сөйтіп, немістердің тактикалық қорғанысын бұзуға ықпал етті.Могилевқаласы үшінболған көше ұрыстарында расчет артиллериялық қарументура көздеп жаудың 5 пулеметі мен зеңбірегін, 70-ке жуық солдаты мен офицерін жойды.

1944 жылғы 9 тамыздағы бұйрықпен Могилев қаласын азат ету кезінде көрсеткенерлігі мен батылдығы үшін Алексей Ильич Певень 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1944 жылғы 9 тамызда Кнышин қаласы (Беларусь) үшін шайқаста сержант Певеннің расчетідұшпанның 5 пулемет нүктесін, бір қаруын, 3 арбасын, 90-ға жуықсолдаты мен офицерінтас-талқан етіп жойды.Осы шайқаста Певень жарақат алады, ұрыс алаңынан кетпей,қаруды басқаруды жалғастырды.

Кнышин қаласы үшін шайқастағы ерлігі үшін 1944 жылғы 13 қазандағы бұйрықпен аға сержант Алексей Певень 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.1945 жылы 20 қаңтарда Парцяки (Польша) станциясын шабуылдау шайқастарында старшина Певень  басқарған расчет жаудың 4 пулемет нүктесін, 4 арбасы мен 70-ке жуық неміс солдаттары мен офицерлерін жойып, жаяу әскердің станцияға қарай жылжуын қамтамасыз етті.

23 қаңтарда Шығыс Пруссияның Кинарзен деревнясын азат ету кезіндегіұрыста старшина Певень расчетіжаудың 3 пулемет нүктесін, 40-қа таман  солдаттары мен офицерлерін, 4 арба мен бір бақылау пунктін жойды. Кинарзен деревнясы жаудан тазартылды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен Млавско-Эльбинг операциясы барысында командалық жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін старшина А.И. Певень  1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қостанай облысы Ленинский (қазір Ұзынкөл) ауданындағы «Суворовский» совхозында тұрып жұмыс істеді.1969 жылы қайтыс болды. «Суворовский» совхозында жерленді.

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы