
Науменко Василий Дмитриевич
1917-1981
Даңқ орденінің толық иегері
Науменко Василий Дмитриевич 1917 жылыДонецк облысы Ново-Троицк ауылында туған. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады.
Соғыста 3-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 91-гвардиялық полктың құрамында, әуелі қатардағы пулеметші, одан кейін командир көмекшісі, жасақ командирі болды.
Ол 4-ші Украин, 1-ші Прибалтика және 3-ші Беларусь майдандарында соғысты. Қырым, Вильнюс, Шауляй, Мемель және Шығыс Пруссия шабуылдау операцияларына қатысты.
1944 жылы 20 сәуірде Қырым шабуылдау операциясы барысында Белбек ауылы маңындағы (Севастополь) ұрыстаВ. Д. Науменко пулеметі істен шығады. Осы кездеВ.Науменко жаудың атыс нүктесіне көтеріліп, гранатасымен пулемет расчетін жояды, кеңес жауынгерлерінің шабуылына жағдай жасап, қолға түскен жау пулеметіненжаудың өзіне қарсы оқ жаудырады.
33-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы командирінің 1944 жылғы 5 мамырдағы бұйрығымен сержант Науменко Василий Дмитриевич 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1944 жылғы 23 сәуірде болған ұрыс кезінде В.Д. Науменко гранатамен жаудың атыс нүктесін жойды.
2-ші гвардиялық армия қолбасшысының 1944 жылғы 3 маусымдағы бұйрығымен сержант Науменко Василий Дмитриевич 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1944 жылы 28 шілдеде Шяуляй шабуыл операциясы барысындаГринкишкис (Литва) селосы маңында жау өзінің техникасы мен танктерінің алға жылжуына жол бермей,көпір үстінда істен шыққан танкін алып кетуге тырысады. Оны байқап қалған Василий Науменкожауға қарсы оқ боратып, мүмкіншілік бермейді, осылайша кеңес әскері кептетіліп қалған жаудың қаруы мен техникасының тас-тақанын шығарады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы күрестегі майданда қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және сонымен бірге ерлігі мен батырлығы үшін гвардия аға сержант Науменко Василий Дмитриевич 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1946 жылғ наурызда әскерден босатылады.Тың игеру жылдары отбасымен Қостанай облысы Федоров ауданына көшіп келді. 1981 жылы қайтыс болды.