
Михайленко Николай Леонтьевич
1918-1988
Даңқ орденінің толық иегері
Михайленко Николай Леонтьевич Қостанай облысы Федоров ауданының Қарақопа ауылында дүниеге келген. 1941 жылғы шілдеде майданға шақырылып, Ақмола қаласынасында құрылған 310-шы атқыштар дивизиясына жіберілді, соғыстағы аяғына дейін осы бөлімнің құрамында болды
Ленинград, Кареля, 3- Прибалтика және 2-Беларусь майдандарында соғысты, Польшаны азат етуге қатысты.1944 жылдың басында сержант Михайленко сол полктің қару расчетін басқарды.
1944 жылғы 4 ақпанда 310-шы атқыштар дивизиясы Луга қаласының маңында кескілескен ұрыстар жүргізді.Қарсы шабуыл кезінде қарсыластардың үлкен тобы батальонның командалық пунктіне қарай бет алды.Қаруын сақадай сайлап, солмаңда орналасқан Сержант Михайленко гитлершілердің бас көтеруіне жол бермей, шығынға ұшыратып, шегінуге мәжбүр етті.
Екі күннен кейін Вельямова Гора деревнясы маңында артиллеристер батареяның атыс позицияларын бұзып өткен қарсыластың қарсы шабуылын тойтару үшін оқ жаудырды.
310-атқыштар дивизиясы командирінің 1944 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен сержант Михайленко Николай Леонтьевич 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1944 жылы 31 наурызда Погост Чирски деревнясы маңындағы шайқаста Михайленконың расчетінебарлаушыларды жау оғынан қалқалау тапсырылды.Зеңбірекпенатқылап,жаудың атыс ұялары орналасқан 4 үйді өртеді, қаруларын істен шығарды. 2-сәуірде Воронино деревнясы маңындағы қарсы шабуылға тойтарыс беріп, «тигр» танкін жойды, 10-нан астам жауды жер жастандырды. 1944 жылы 12 мамырда сержант Михайленко Николай Леонтьевич 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1945 жылы ақпанда Прейс Фридлянд қаласы үшін болғанұрыста аға сержант Михайленко өзінің қаруымен қырық шақты жау солдаты мен офицерінің көзін жойды.Кёзлин қаласы үшін шайқаста расчет жаудың 10-нан астам сарбазы мен 3 пулемет нүктесін жойды.1945 жылы 19 наурызда бір күнде Польшаның Гдыня қаласы үшін шайқаста аға сержант Михайленконың расчеті танкке қарсы зеңбіректі, үш пулемет нүктесін және отызға тарта жау солдаты мен офицерлерінің көзін жойды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен басқыншылармен шайқаста командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін аға сержант Михайленко Николай Леонтьевич 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1946 жылы әскерден босатылды, отанына оралды. Қостанай облысы, Боровской ауданы, Боровское ауылында тұрды. 1988 жылғы 4 қыркүйекте қайтыс болды.