Меню

Страницы

Статья

Кисилев Николай Иванович

Кисилев Николай Иванович

1924-1980

Даңқ орденінің толық иегері

 

Кисилев Николай Иванович 1924 жылғы 20 желтоқсанда Калинин облысының Новинкиселосында туған. 1942 жылғы  тамызда Қазақ КСР-іСемей облысының Жарма аудандық әскери комиссариатының шақыруымен Қызыл Армия қатарына алынды. Саперлер курсын  бітірген соң майданға аттанды. 1943 жылғы ақпаннан алдыңғы шептеболды. Орталық, 1-ші және 4-Украина майдандарында соғысты.Жауынгерлік жолытолығымен 70-ші атқыштар дивизиясының 77-ші гвардиялық жеке сапер батальонының құрамында өтті.

1945 жылғы қаңтарда дивизия Краков бағытында ұрыс қимылдарын жүргізді.Бұл кездегвардия сержанты Киселев сапер бөлімін басқаратын.Шабуылдаушы топтар құрамында жүріп, саперлер мина алаңдарын қоршап, ұзақ мерзімді қорғаныс құрылымдарын жарып отырды.

1945 жылғы 20-23 қаңтарда Польшаның Бельско-Бяла қаласы түбінде кеңес әскері жау қорғанысын бұзып өтті. Мина алаңдары мен сым қоршаулар арасынан жол сала отырып, 180 танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналарды залалсыздандырды.

1945 жылғы 27 қаңтардағы бұйрықпен сержант Киселев Николай Иванович 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Ақпан айында Стремень (Польша) қаласының маңында жаудың қарсы шабуылына тойтарыс берген кезде Николай Киселев ауыр жараланған командирді алмастырып, взводты шабуылға көтерді.Қоян-қолтық ұрыста және жеке қарудан атыс кезінде саперлер жаудың 80-нен астам сарбазын, олардың он бесеуін жеке Киселев жойды.Екі күндік шайқаста Киселев взводы 8 қарсы шабуылға тойтарыс беріп, Виста өзенінің сол жағалауындағы басып алынған позицияларды ұстап тұрды.

1945 жылғы 29 наурыздағы бұйрықпен қарамағындағы жауынгерлердішебер басқарғаны және көрсеткен қайсарлығы үшін гвардия сержант Киселев Николай Иванович 2-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылғы 1 мамырға қараған түні Одра өзеніндегі ұрыста Николай Киселев қорғанысвзводын басқарды. Гранаталар мен пулеметтерден жаудырған оқтан жаудың 10-нан астам сарбазының көзін жойды. Таң ата өзінің жауынгерлерін  бірінші болып қарсы шабуылға   көтерді. Қиян-кескі ұрыс кезінде оқ тиіп,  жараланды, бірақ ұрысалаңынан кетпей, бөлімшені басқаруды жалғастырды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен Ұлы Отан соғысының соңғы кезеңінде неміс-фашистік басқыншылармен шайқаста командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін сержант Киселев Николай Иванович 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғыс аяқталғаннан кейін 1947 жылы армиядан босатылып, Қазақстанға оралды.

1980 жылдың 5 маусымында дүниеден өтті. Рудный қаласында жерленді.

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы