
Анищенко Александр Михайлович
1916–1976
Кеңес Одағының Батыры
Анищенко Александр Михайлович қазіргі Қарасу ауданының Алықпаш ауылында туған. 1943 жылдың қаңтарында Қызыл Армия қатарына шақырылып, сол жылдың наурызында Воронеж майданына 73-Сталинград дивизиясының 200-гвардиялық атқыштар полкіне жіберіледі. Миномет расчетіне қабылданып, мина тасушы, оқтаушы болады. Оң жағалаудағы Украинаны жаудан азат ету кезінде ол гвардия сержанты, 209-гвардиялық атқыштар полкінің минометшілер расчетініңкомандирі шенінде болды(73-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 7-гвардиялық армия, дала майданы).
1943 жылдың күзінде Украинаның Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Бородаевка ауылы маңындағы шайқастарда ерлігімен көзге түсті.
Бородаев плацдармын азат ету кезінде А. Анищенко бастаған топ қоласты құралдарымен жау артиллериясының қарша бораған оғына қарсы тұра отырып, Днепр өзенінің келесі жағасына өтті.
Шабуыл барысында сержант А.М. Анищенконың гвардия минометшілері жүздегеннеміс солдаты мен офицерін жер жастандырды, неміс танкін жойды.Ержүрек жауынгер шабуыл барысында бір өзі жаудың тірек пунктіне бірінші болып кіріп, 2 пулеметін жойды.
Шайқас кезінде көптеген жау солдаты тұтқынға алынды, қару-жарақ қолға түсті.
Жараланды.
«Неміс-фашистік басқыншыларына қарсы күрес майданында командалық жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін жәнесонымен бірге көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін» 1943 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғары Кеңес Президиумының Жарлығымен Александр МихайловичАнищенкоға Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылып,Кеңес Одағының Батыры атағы берілді(№ 1501).
Соғыстан кейін А. М. Анищенкоәскерден босатылды. Кировта тұрып, жұмыс істеді. 1976 жылғы 30 қазанда қайтыс болды.