Меню

Страницы

Статья

Берік Асылов өткен жылғы қадағалау жұмысының басты жетістіктері және прокуратура биыл қандай міндеттерге назар аударатыны туралы

Жалпы, біздің жұмысымызда екінші кезектегі міндеттер жоқ. Бәрі маңызды. Қандай жағдайда да заң­ның бұзылуына жедел тіпті онлайн режімде ден қоямыз.

Былтыр негізгі күш-жігерді ұйымдасқан қылмыс, көлеңкелі экономика, есірткінің заңсыз айналымы, адам саудасы, алаяқтық, сондай-ақ ғимараттардың терроризмге қарсы қорғалуына. Инвестициялық жобаларды сүйемел­деп, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың араласуынан қорғадық. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтарумен айналыстық. Азаматтардың еңбек қатынастары, білім, медицина және әлеуметтік саланың өзге де бағыттарындағы құқықтары қалпына келтірілді.

Прокуратураның қадағалаудың жекелеген бағыттары бойынша атқарған жұмысының нәтижесі желтоқсан айындағы сұхбатымда толық айтылды. Сондықтан бұл жолы мен басқа бағыттарға тоқталайын.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар жүз мыңдаған азаматтың, оның ішінде зейнеткер, әлеуметтік осал топ, жасөспірім, жұмыскер, сондай-ақ үлескер және ипотека алғандардың құқықтарын қорғады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – тұрақты назарда. Балалардың проблемалары уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдерін тексеру, талдау немесе бағалау арқылы ғана емес, жобалау құралдарын пайдалану жолымен де шешімін тауып жатыр.

Мысалы, біз 2023 жылдан бастап «Urpaq» және «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобалары аясында 2 мыңнан аса отбасына материалдық көмек, мыңнан аса отбасына тұрғын үй көмегін, 10 мың отбасына медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге қол жеткіздік.

Енді мемлекеттің мүліктік мүдде­лерін қорғауға қатысты айтып өткенім жөн болар. Өткен жылы мемлекетке 627 млрд теңге сомасында залал өтел­ді, оның ішінде бюджеттен ұрланған қара­жат­тан басқа, жылжымалы және жыл­жы­­майтын мүлік, 91 млрд теңгеге өзге де материалдық құндылықтар бар.

Мем­ле­­­кеттік сатып алу туралы заң­наманың сақ­­­талуын қадағалау шеңберінде мыңнан аса­ қадағалау актісі енгізілді, мемлекет пайдасына 12,7 млрд теңге өндірілді, 399 млрд теңгеге 500-ге жуық конкурстың күші жойылды. Қадағалау нәтижесін масс-медиада үнемі жариялап отырамыз.

Алдағы кезеңде прокурорлар Мемлекет басшысының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және жеке бизнесті қорғау жөніндегі тапсырмаларын сапалы іске асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарының, әсіресе балалардың құқықтарын сақтау, есірткі бизнесіне және ҰҚТ-ға қарсы күресті үйлестіру, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатының орнығуын қамтамасыз етуді жалғастырады.

#Заң_және_Тәртіп

Дата публикации
27 февраля 2025
Дата обновления
27 февраля 2025
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы