Меню

Страницы

Статья

@SalyqBot чат-ботында сіз көлік салығын өзіңіз есептей аласыз

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы халыққа Телеграм қосымшасында @SalyqBot сілтемесі бойынша калькулятор сервисі әзірленгенін еске салуға асығуда. Калькулятор қызметін таңдап, сіз көлікті есептеу калькуляторын, өсімпұлды есептеуді таңдай аласыз. Осы бөлімге кіру үшін https://t.me/SalyqBot?start=help_decl сілтемесі бойынша QR кодын пайдалануға болады.

Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде:

- өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;

- түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;

- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;

- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;

- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.

@Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
04 декабря 2024
Дата обновления
04 декабря 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы