Ұлттық валюта күні мерекесіне орай Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ардагері Кокушева Кулянда Хасенқызының қатысуымен ҚИНЭУ колледжінің 3-4 курс студенттеріне дәріс өткізді.
Бұл мереке қазақстандық ұлттық валюта-теңгенің туған күнімен тікелей байланысты. Сондықтан, бұл күні Ұлттық валютаның пайда болуының бастауында тұрған адамдардың еңбегін еске алу әдеттегідей.
Өзінің кәсіби қызметін көптеген жылдар бойы салық салу саласына арнаған Кулянды Хасенқызы жоғары кәсібилігімен, сауаттылығымен және жауапкершілігімен ерекшеленді.
Студенттерге арналған дәріс жоғары деңгейде өткізілді, тыңдаушылар салық әкімшілігі туралы білуге қызығушылық танытты.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы