2024 жылғы 23 қазанда «Атамекен» ҰКП Қостанай қаласы бойынша алаңында Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары М.Алпысбаева және Р.Гафурова қатысуымен ашық есік күні өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты: 2024 жылға арналған салық заңнамасының өзгерістері бойынша түсініктемелер, стандартты шегерім, мемлекеттік баж, мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық сондай-ақ e-Salyk Azamat сияқты мобильді қосымшалар арқылы декларацияны тапсыру тәсілдері, Чекті талап ет –жүлдені ұтып ал акциясы жөненінде толық ақпарат берілді, арнайы салық режимдерін қолдану бөлігінде практикалық жұмыстар, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар көрсетілді.
Салық төлеушілермен сұрақтар қойылып, оларға толық көлемде жауаптар берілді, сондай-ақ түсініктемелері бар жадынамалар табыс етілді.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы