2024 жылғы 11 қыркүйекте Қостанай қаласы бойынша ІІБ бас маманы Жанна Тұрғанова "МАМА ПРО"Қоғамдық Қорына барды.
"МАМА ПРО" қоғамдық қоры-ерекше балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер қауымдастығы. Қостанай қаласы бойынша МКБ бизнестің түрлі салаларындағы кәсіпкерлермен кездесулер өткізеді. Аталған кездесуге қатысушылар жеке кәсіпкерлік ретінде қалай тіркелу керектігі, арнайы салық режимдерін қолданудың дұрыстығы, салықтар мен аударымдар ставкалары туралы түсініктемелер алды. Азаматтарды жалпыға бірдей декларациялауға ерекше назар аударылды, өйткені кездесуге қатысушылардың барлығы ҚР азаматтары болып табылады және әрқайсысының "активтер мен міндеттемелер туралы"декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелері бар.
Кездесу барысында қатысушыларға түсіндіру тақырыптары бойынша жадынамалар таратылып, жүктеу бойынша практикалық көмек көрсетілді. Кәсіпкер өз деректерін e-salyk Bussines, E-Salyk Azamat қосымшасының сервистерінде танысып, көре алатын қосымшалар. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар salyqbot цифрлық кеңесшісімен танысты.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы