Ағымдағы жылдың наурыз айында қосымша жұмыс орындарын құру және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы бекітілді, ол білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылымы, елді мекендерді абаттандыру саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді.
Қостанай қаласында 98 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуы тиіс.
Жобаларды іске асыру 6 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, онда жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша қаламыздың 3 мыңнан астам жұмыссыз азаматтары жұмыспен қамтылады.
Жалақының орташа мөлшері 85 000 теңгеден кем емес.
Бүгінде 1 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.
Қазіргі уақытта мынадай бос жұмыс орындары бар: жұмысшылар, ағаш ұсталары, газ-электрдәнекерлеушілер, жүргізушілер, автослесарлар, жол жұмысшылары, әрлеушілер, бояушылар, ағаш ұсталары, учаске шеберлері және басқалар.
Қостанай қаласында іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналасу үшін азаматтар жұмыс іздеп жүрген адам ретінде Egov.kz.сайтында тіркелуі қажет.
Толық ақпарат алу үшін Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына 8(7142)52-20-44, 52-20-43 телефоны бойынша хабарласуға болады.