«Жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған адамдардан кейіннен сатып ала отырып, жалға берілетін тұрғын үйді алуға өтініш қабылдау 2 тамызға дейін жалғасады», – деп мәлімдеді ведомстводан.
Құжаттар Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 үй, №1 кабинетте (екінші қабат) қабылданады. Анықтама телефоны: 39-11-62, 57-57-71.
Қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) Өтініш;
2) Жеке куәліктің көшірмесі (барлық отбасы мүшелеріне);
3) Санатты растайтын құжат;
4) ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ/бар екені туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне).