Меню

Страницы

Статья

Маркетплейс арқылы тауарлардың электрондық саудасы

2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кірістер Комитеті танымал маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жобаны бастады. 

Пилоттық жобаға электрондық сауда алаңдарында сауда жасайтын және оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер ерікті түрде қатыса алады.

Пилоттық жобаға ерікті қатысудың артықшылықтары:

◽ кірісті есепке алуға және салықтық есепті толтыруға уақытты үнемдеу;

◽ салықтық тексерулердің азаюы;

◽ ай сайынғы төлем кезінде жеке кәсіпкер үшін біркелкі жүктеме;

◽ қызмет көрсететін банктің қосымшасындағы төлем.

Пилоттық жобаға қатысушылар:

1) оператор – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген, сатушыларға электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру құқығын беру туралы шарт жасасатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға (маркетплейс);

2) сатушы – электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын, оңайлатылған декларация негізінде немесе бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын серіктес банкте есеп айырысу шоты бар және операторға пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген жеке кәсіпкер;

3) серіктес-банк (екінші деңгейдегі банк).

Оператор ҚР ҚМ МКК-не электронды сауда алаңында сатушылармен өткізілген тауарлардың сомасы мен қайтарылған тауарлардың сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті серіктес-банкке бюджетке төленуге тиісті салық сомаларын жолдайды, банк әрі қарай пуш-хабарламаны жеке кәсіпкерге жолдайды.

Қазіргі уақытта Kaspi, Ozon және Wildberries интернет-магазиндері өз ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияны жүргізуде.

Бейне сілтемесі: https://youtu.be/J_7PULtxZm0.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
12 июня 2024
Дата обновления
12 июня 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы