Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы № 286 және «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу жөніндегі кейбір мәселелерді шешу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін:

1) төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеуді 2024 жылғы
1 шілдеге дейін кейінге қалдыру ұсынылсын;

2) 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылсын;

3) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын;

4) орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылсын;

5) мыналар:

салықтық тексерулерді (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тағайындау;

мерзім ішінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын;

6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша 2024 жылғы
1 наурыздан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін өсімпұл есептелмесін.

  1. Осы бұйрықтың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген салықтық тексерулерді тоқтата тұру мерзімі осындай тексеруді жүргізу мерзіміне,
    сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есепке жазылған, есептелген сомасын есептеу немесе қайта қарау бөлігінде талап қою мерзіміне кірмейді деп белгіленсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін қаржы вице-министріне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
03 мая 2024
Дата обновления
03 мая 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

Социальные медиа

Facebook
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы