2024 жылғы 22 қаңтарда сағат 12.00-де Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қостанай қаласының салық төлеушілері (заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер) үшін семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты, салық төлеушіге жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі туралы салық заңнамасының нормаларын, мобильді аудармаларды және басқа да өзекті тақырыптарды түсіндіру..
Семинардың өтетін орны: Қостанай қаласы, Мәуленов көшесі, 21 үй, Акт залы.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы